ҚР Президенті Өзбекстанға мемлекеттік сапармен барады

ҚР Президенті Өзбекстанға мемлекеттік сапармен барады
Сурет: Stan.kz

Президент 21-22 желтоқсан күндері Өзбекстан Республикасына мемлекеттік сапармен барады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Inform.kz-ке сілтеме жасап.

Мемлекет басшысы Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиёевпен келіссөз жүргізіп, екіжақты іс-әрекеттің өзекті мәселелерін, сауда-экономикалық, мәдени-гуманитарлық және көлік-транзиттік ынтымақтастықты одан әрі нығайту перспективаларын талқылайды.

Сондай-ақ олар өңірлік және халықаралық күн тәртібін қарастырады. Мемлекеттік сапар аясында бірқатар екіжақты шарт пен келісімге қол қойылады деп жоспарланып отыр.