ҚР Энергетика министрі Болат Ақшолақов алматылықтармен кездеседі

ҚР Энергетика министрі Болат Ақшолақов алматылықтармен кездеседі
Сурет: Рrimeminister.kz

Халықпен кездесу шеңберінде +7 (775) 457 29 98 телефон нөміріне хабарласып, министрдің жеке қабылдауына жазылуға болады.

2022 жылғы 11 маусымда сағат 9:30-да Алматы қаласының «Әлеуметтік қызметтер үйінде» (мекенжайы: Достық даңғылы, 85) Қазақстан Республикасының Энергетика министрі Болат Ақшолақовтың Алматы қаласының халқымен кездесуі өтеді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

Азаматтарды белсенді қатысып, Қазақстан Республикасының Энергетика министріне сұрақтар қоюға шақырамыз.

Сұрақтар b.kaulbaev@energo.gov.kz, m.bakitkaliyeva@energo.gov.kz пошталары және +7 (775) 855 55 19, +7 (747) 402 65 21 (WhatsApp) телефон нөмірлері арқылы қабылданады.