Қостанай мектептері қашықтан оқуға көшті

Қостанай мектептері қашықтан оқуға көшті
Сурет: Almaty-akshamy.kz

Оған себеп – көктайғақ.

Қостанай облысының бес ауданындағы бірнеше мектеп бірінші ауысымдағы оқушыларды қашықтан оқытып жатыр, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

Әсіресе Майлин, Қарабалық, Денисов аудандарында оқушылар мектепке бармады. Онлайнға көшкен барлығы 25 білім ордасы. Аймақтағы басқа мектептерде сабақ әдеттегідей өтеді.