Коронавирустан емделіп жатқан 3 науқастың жағдайы өте ауыр

Коронавирустан емделіп жатқан 3 науқастың жағдайы өте ауыр
Сурет: Ашық дереккөзі

10 қазандағы мәлімет бойынша, 1 080 адам коронавирус инфекциясынан (–944+ және 136 КВИ-) емделіп жатыр, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz ҚР денсаулық сақтау министрлігінің Telegram каналына сілтеме жасап.

Министрлік таратқан мәліметтерге қарағанда, емделіп жатқандардың ішінде 116 пациент стационарда, 964 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.

КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында:
• 6 адамның жағдайы ауыр,
• 3 пациенттің жағдайы өте ауыр,
• 1 науқас жасанды тыныс алу аппаратында жатыр.