Коронавирусқа қатысты тест нәтижесі талап етілмейді

Коронавирусқа қатысты тест нәтижесі талап етілмейді
Сурет: Rbc.ru

Қытай ертеңнен бастап елге шетелден келетін жолаушылардан коронавирусқа қатысты тест нәтижесін талап етуді тоқтатады.

Мұны осы елдің сыртқы істер министрлігінің өкілі мәлімдеп отыр, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

Қытай өзге мемлекеттерден оралған азаматтарынан мұндай құжат сұрауды қаңтарда доғарды. Сол кезде Бейжің қытайлықтар баратын елдер тізімін кеңейтіп, халықаралық авиациялық рейстер санын арттырған.