Коронавирус штаммын анықтайтын ПТР тест жасалды

Коронавирус штаммын анықтайтын ПТР тест жасалды
Сурет: 24.kz

Британдық ғалымдар мұрын-жұтқыншақ үлгілерінде SARS-COV-2 коронавирусының әртүрлі нұсқаларын немесе тұқымдарын дәл анықтай алатын аллельге тән полимеразды тізбекті реакцияны әзірледі. Сонымен қатар, жаңа әдіс вирустық РНҚ бұзылған үлгілерде де вирустық нұсқаларды анықтауға мүмкіндік береді. Зерттеу нәтижелері medRxiv.org препринттер серверінде жарияланған, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz тілшісі РИА-Новостиге сілтеме жасап.