Қазақстанның СІМ басшысы «Бір белдеу, бір жол» бастамасы шеңберінде халықаралық бейнеконференцияға қатысты

Қазақстанның СІМ басшысы «Бір белдеу, бір жол» бастамасы шеңберінде халықаралық бейнеконференцияға қатысты
Сурет:Gov.kz.

Қазақстанның СІМ басшысы «Бір белдеу, бір жол» бастамасы шеңберінде халықаралық бейнеконференцияға қатысты 

 - Қазақстан Премьер-Министрінің орынбасары - Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді Азия-Тынық мұхит өңірінің жоғарғы деңгейдегі халықаралық бейнеконференциясына қатысты, деп хабарлады Almaty-akshamy.kz ҚР СІМ сайтындағы хабарға сілтеме жасап.

Аталған іс-шара Қытай тарапының бастамасымен «Бір белдеу, бір жол» бағдарламасы шеңберінде өтті. «Тұрақты қалыпқа келу мақсатында COVID-19 індетімен күресте қолғабыс көрсету» - форумның негізгі тақырыбы болды.

Мұхтар Тілеуберді өз сөзінде денсаулық сақтауды цифрландыру саласында ынтымақтастықты орнату, COVID-19 індетіне қарсы екпелерге қол жетімділікті және олардың әділ бөлінуін  қамтамасыз ету, сондай-ақ Азия-Тынық мұхит өңірінің мүше-мемлекеттерімен коронавирустық инфекциясымен күресу бойынша ынтымақтастықтың практикалық тетіктерін кұру бойынша қазақстандық бастамаларын атап өтті. Сонымен қатар ол еліміздің БҰҰ-ның экологиялық күн тәртібіне маңызды мән беретіндігіне және экономиканы көгалдандыру жөнінде жұмысты жалғастыруға дайын екендігіне назар аударды.

Бейнеконференцияға Азия-Тынық мұхит өңірі, Латын Америка, Орталық Азия мемлекеттерінің сыртқы саяси ведомстволарының және халықаралық ұйымдардың басшылары қатысты. Індетпен күресу бағытында қарым-қатынастардың болашақ жолдары талқыланды  және індеттен дәуірінде кейінгі жаһандық экономиканы қалпына келтіру бойынша пікір алмасу өтті.

Жасыл экономика мен инвестициялар саласындағы ынтымақтастықтың болашағына және өзекті экологиялық мәселелердің шешілуіне аса көңіл бөлінді.

Іс-шараның қорытындысы бойынша тараптар COVID-19-ға қарсы екпелер саласында ынтымақтастықтың бойынша «Бір белдеу, бір жол» серіктестігінің бастамасы аясында» мен «Жасыл даму саласында ынтымақтастықтың бойынша «Бір белдеу, бір жол» бастамасы» екі құжатты қабылдады.