Коронавирус инфекциясы әлемде 6,2 млн адамның өмірін жалмады

Пандемия басталғаннан бері әлемде коронавирустық инфекцияның тіркелген жағдайларының саны бүгінде 527 339 770 жетті.
Джонс Хопкинс американдық университетінің мәліметтеріне сәйкес, әлемде вирус тарала бастағаннан бері COVID-19 инфекциясынан 6 283 025 адам қайтыс болды.
Инфекцияның 20 миллионнан астам жағдайы бар елдер қатарына АҚШ, Үндістан, Бразилия, Франция, Германия және Ұлыбритания кіреді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК-тың Telegram каналына сілтеме жасап.
Инфекция жұқтырғандар саны және инфекция салдарынан қайтыс болғандар саны:
АҚШ - 83 706 662 және 1 003 743,
Үндістан - 43 144 820 және 524 525,
Бразилия - 30 851 191 және 666 261,
Франция - 29 605 798 және 149 095,
Германия - 26 198 811 және 138 779,
Ұлыбритания - 22 462 129 және 178 973.