«Көркем еңбек» екіге бөлінеді

«Көркем еңбек» екіге бөлінеді
Сурет: интернеттен

Құжат қоғамдық талқылау үшін Ашық НҚА сайтында жарияланды.

«Көркем еңбек» пәнін «Бейнелеу өнері» және «Еңбекке баулу» деп бөлу көзделіп отыр, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz ҚР Оқу-ағарту министрлігіне сілтеме жасап.

Мектепте оқытылатын "Көркем еңбек" екі пәнге бөлінеді.

ҚР Оқу-ағарту министрлігі Қазақстан Республикасындағы бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің үлгілік оқу жоспарларына өзгертулер әзірледі.

Атап айтқанда, бастауыш сыныптарда "Көркем еңбек" сағаты жылына 68 сағаттан 34 сағатқа дейін қысқарады. Бұл ретте "Еңбекке баулу" және "Бейнелеу өнері" пәндерінің сағаттары жылына 67 сағаттан 101 сағатқа дейін артады.

Ал "Жаратылыстану" сағатын жылына 203 сағаттан 169 сағатқа дейін қысқарту жоспарланып отыр.

Өзгерістерді келесі оқу жылында – 2024 жылғы 1 қыркүйектен бастап енгізу көзделген.