Қор нарығында теңге нығайды

Қор нарығында теңге нығайды
Сурет: Otyrar.kz

Доллар арзандады.

Қазақстан қор биржасындағы (KASE) сауда-саттық қорытындылары бойынша, теңгенің 1 долларға қатысты бағамы арзандады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz. 

Таңғы сауда-саттық мәліметіне қарағанда, доллар бағамы 23 наурыздың кешімен салыстырғанда 3, 87 теңгеге төмендеп, 1 доллар 501, 49 теңге болды. 

Ұлттық банктің 24 наурыздағы ресми бағамы – 1 долларға 505, 22 теңге. 

Kurs.kz мәліметінше, Алматыдағы ақша айырбастау пунктілерінде доллардың сату бағамы 503, 75 теңге, сатып алу – 509, 49 теңге. 

Ал Нұр-Сұлтан қаласы бойынша сату бағамы 505, 25 теңгеден болса, ал сатып алу құны – 510, 98 теңге.