Қор нарығында доллар бағамы түсті

Қор нарығында доллар бағамы түсті
Сурет: Kapital.kz

7 шілденің кешімен салыстырғанда 2,51 теңгеге төмендеді. 

Қазақстан қор биржасындағы (KASE) сауда-саттық қорытындысы бойынша, теңгенің 1 долларға қатысты бағамы төмендеді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz. 

Күндізгі сауда-саттық мәліметіне қарағанда, доллар бағамы 7 шілденің кешімен салыстырғанда 2,51 теңгеге төмендеп, 1 доллар 474,92 теңге болды. Ұлттық банктің 8 шілдедегі ресми бағамы – 1 доллар үшін 477,24 теңге. 

Kurs.kz мәліметінше, Алматыдағы ақша айырбастау пунктерінде доллардың сату бағамы – 474 теңге, сатып алу – 478,50 теңге. Ал, Нұр-Сұлтан қаласы бойынша сату бағамы – 471 теңгеден болса, сатып алу – 474,50 теңге. Айта кетейік, бүгін таңертең ақша айырбастау пункттерінде доллар 474-479 теңгеден саудаланған болатын.