Қор нарығында доллар арзандады

Қор нарығында доллар арзандады
Сурет: ашық дереккөз

Қазақстан қор биржасындағы (KASE) сауда-саттық қорытындысы бойынша, 1 доллардың теңгеге қатысты бағамы арзандады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz. 

Күндізгі сауда-саттық мәліметіне қарағанда, доллар бағамы 2,65 теңгеге төмендеп, 1 доллар 461,44 теңге болды.

Айта кетейік, Ұлттық банктің 29 тамыздағы ресми бағамы – 1 доллар үшін 464,05 теңге болды.

Kurs.kz мәліметінше, Алматыдағы ақша айырбастау пунктерінде доллардың сату бағамы – 460,5 теңге, сатып алу – 464 теңге.

Ал, Астана қаласы бойынша сату бағамы – 459 теңгеден болса, сатып алу – 463

Алматыда Ресей рублі 4,69 – 4,91 теңге аралығында саудаланып жатыр.

Астанада көрші ел валютасы 4,81 – 4,83 теңгеден сатылуда.