Қазақстандық әйелдер құрамасы шахмат олимпиадасының үздік үштігіне енді

Қазақстандық әйелдер құрамасы шахмат олимпиадасының үздік үштігіне енді
Сурет: medium.com

Олар Болгария құрамасын 3:1 есебімен жеңді.

Ченнаи қаласында (Үндістан) өтіп жатқан Дүниежүзілік шахмат олимпиадасында Қазақстанның әйелдер құрамасы кестеде үшінші орынға көтерілді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Sports.kz-ке сілтеме жасап.

Болгариямен болған кездесуде Жансая Әбдімәлік пен Гүлісхан Нахбаева Қазақстанға жеңіс әкелсе, Бибісара Ассаубаева мен Ксения Балабаева ойынды тең аяқтады. Тоғыз раундтан кейін Польша құрамасы көш бастап тұр, одан кейін Үндістан құрамасы келеді.

Ал Қазақстан ерлер құрамасы тоғызыншы раундта Сербия құрамасынан 1:3 есебімен ұтылып қалды. Мұртас Қажғалеев пен Арыстанбек Оразаев ойынды тең аяқтаса, Ринат Жұмабаев пен Әлішер Сүлейменов жеңілді. Тоғыз турдан кейін Қазақстан ерлер құрамасы 25-орынға жайғасты.