Алматылық спортшы оқ атудан әлем чемпионы атанды

Алматылық спортшы оқ атудан әлем чемпионы атанды
Сурет: Almaty-akshamy.kz. 

Оқ атудан ISSF World CHAMPIONSHIP 53-ші Әлем чемпионатында Александра Сәдуақасова қозғалыстағы нысанаға оқ ату атудан әлем чемпионы атағын жеңіп алды.

Лицензиялы әлем чемпионаты 14-29 тамыз аралығында Баку, Әзірбайжанда өтті. Оған әлемнің 101 елінен 1249 спортшы қатысты. Күміс жүлдені шымкенттік атқыш Ирназарова Зухра иеленді. Қазақстандық спортшылар барлығы 2 алтын, 2 күміс, жеке қола медаль және Александра Сәдуақасова, Ирназарова Зухра және Ирназарова Фатима құрамдағы командалық есепте 1 алтын медаль жеңіп алды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

АлександраАлматы қаласы спорт басқармасының Жоғары спорт шеберлігі мектебінде жаттығады.

«Қыздар өте жоғары нәтиже көрсетті. Әрқайсысы өзінің жеке рекордын орнатты және кейбір жаттығуларда Қазақстанның рекордын растады. Жастары юниорлар санатына жатқанымен, олар әлем чемпионы ересектер санатында жеңіп алды. Келесі Азия ойындарында олар сол құрамда өнер көрсетеді және Біз Алтынды қайтадан аламыз деп күтеміз», - деді спортшының жаттықтырушысы мен Жоғары спорт шеберлігі мектебінің директоры Андрей Гуров.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін тағы бір алматылық атқыш Ислам Сәтбаев Париждегі Олимпиада ойындарына лицензия алып, біліктілігінде 632,7 ұпай жинап, елдегі рекорды орнатты.