Журналистер «аламанға» түседі

Журналистер «аламанға» түседі
Сурет: Elorda.info

Ұлттық спорт қауымдастығы журналистер арасында байқау жариялады.

Журналистер арасында «Alaman» медиа байқауы өтеді. Байқауда 7 номинация бойынша жеңімпаздар анықталады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Elorda.info-ға сілтеме жасап. 

Бұл туралы ҚР Ұлттық спорт қауымдастығының президенті Исламбек Салжанов журналистермен өткізген кездесу кезінде айтты. 

Ұлттық спортты кеңінен насихаттау мақсатында өтетін шарада 7 номинация бойынша жеңімпаздар анықталады.

1. Үздік бағдарлама (телевизия, радио)

2. Үздік аналитикалық материал (дәстүрлі баспасөз: газет, журнал)

3. Үздік танымдық материал (интернет, БАҚ) 

4. Үздік сұхбат (YouTube арна)

5. Үздік фотосурет (БАҚ, әлеуметтік желі)

6. Шетелдік БАҚ-та жарияланған үздік материал (қазақтың ұлттық спорты туралы)

7. Әлеуметтік желідегі үздік материал (блогинг, мобилография)

Әр номинация бойынша үш үздік авторға ақшалай сыйлық беріледі:

1-орынға – 1 000 000 теңге;

2-орынға – 700 000 теңге;

3-орынға – 500 000 теңге.

Байқау жеңімпаздары 2024 жылдың наурыз айында марапатталады.

Басқа да ақпараттарды ұйымдастыру комитеті немесе көрсетілген сайт арқылы білуге болады.

Айта кетейік, конкурсқа осы жылдың 1 қыркүйегі мен 2024 жылдың 1 наурыз аралығында жарияланған материалдар қатыса алады.