Елімізде ауа райының қолайсыздығына байланысты 32 жол бөлігі жабылды

Елімізде ауа райының қолайсыздығына байланысты 32 жол бөлігі жабылды
akpars.ru

Елімізде ауа райының қолайсыздығына байланысты бірнеше бағыттағы жолдар жабылды, деп хабарлайды Аlmaty-akshamy.kz.

Жабылған 32 күрежолдың екеуі – елордадан Қарағанды және Атбасар қалалары бағытында. Қарағанды қаласынан төрт бағыттағы жолдар жабылған.

Сондай-ақ, қар, бұрқасын және жолдың нашар көрінуіне байланысты Солтүстік Қазақстан және Шығыс Қазақстан облыстарында көлік қозғалысы шектелген.

Жамбыл облысында Тараз мен Шымкент арасындағы жол көліктің барлық түрі үшін жабылды.