Қазақстандық теннисші Испаниядағы турнирдің ширек финалына шықты

Қазақстандық теннисші Испаниядағы турнирдің ширек финалына шықты
inform.kz

Қазақстандық Александр Недовесов жұптық сында Испаниядағы Марбелья челленджер турнирінің ширек финалына шықты, деп хабарлайды Аlmaty-akshamy.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Қазақстан теннис федерациясы мәлім еткеніндей, жарыстың бірінші ракеткасы болып тіркелген А.Недовесов пен пәкстандық Айсам Куреши бастапқы кездесуін бразилиялық Рафаэль Матос – испаниялық Давид Вега-Эрнандеспен өткізді.

Қазақстандық-пәкстандық жұп 6:3, 6:4 есебімен жеңіске жетті.

Недовесов пен Куреши 1 сағат 22 минутқа созылған бәсеке барысында 5 брейк-пойнттың екеуін пайдалана білді. Олардың ширек финалдағы қарсыластары кейін анықталады.

Португалияның Оэйраш қаласында өтіп жатқан челленджер жарысында жекелей сында Дмитрий Попко алғашқы кездесуінде италиялық Лусиано Дардериден 3:6, 2:6 есебімен ұтылып қалды. Ал Тимофей Скатов екінші айналымда Бразилияның бірінші, әлемнің 116-ракеткасы Тьяго Монтейроға тартысты матчта есе жіберді – 7:6 (7:5), 2:6, 6:7 (4:7).