ҚМДБ биылғы пітір садақа мөлшерін белгіледі

ҚМДБ биылғы пітір садақа мөлшерін белгіледі
Сурет: Adyrna.kz

Пітір садақаның мөлшері еліміз бойынша 2 келі ұнның орташа бағасымен есептеледі.

Елордада Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының төрағалығымен өткен Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Төралқа мәжілісінде биылғы пітір садақасының мөлшері анықталды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz ҚМДБ сайтына сілтеме жасап.

Биыл пітір мөлшері 500 теңге болып белгіленді. Пітір садақаның мөлшері еліміз бойынша 2 келі ұнның орташа бағасымен есептелді. Ал ұнның бағасы ҚМДБ-ның қала және облыс өкілдіктерінің берген мәліметі негізінде анықталды.

Төралқа мәжілісінде наиб мүфти, Шариғат және пәтуа бөлімінің меңгерушісі Сансызбай Құрбанұлы пітір мөлшері республика бойынша 2 келі ұнның нарықтағы орташа бағасы негізінде бекітілгенін қаперге салды.