Қызылша жұқтырған балалар көбейді

Қызылша жұқтырған балалар көбейді
Сурет: Almaty-akshamy.kz

Сарапшылардың айтуынша, науқастардың үштен екісі екпе алмаған балалар.

Науқастардың басым бөлігі Алматы мен Жамбыл облыстарында, сондай-ақ Алматы мен Шымкентте тіркелген, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

Қазақстанда 10 мың қызылша ауруын жұқтырған адам тіркелсе, оның 80%-дан астамы 14 жасқа дейінгі балалар.

Өткен аптада өсім шамамен 30%-ды құрады.

"Аурудың көбеюін біз балалардың жоспарлы екпеден қалып қоюымен, сонымен қатар оқу жылының басталып, адамдардың шоғырлану орындары қалыптасуымен байланыстырамыз", - дейді Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығы Төтенше жағдайлар бойынша жедел орталығының директоры Жәнібек Ербаев.

Қызылша өте жұқпалы ауру болғандықтан, ауру жұқтыру көрсеткіші артып жатыр.

Дәрігерлер асқынуларға соқырлық, энцефалит, ауыр диарея, соған байланысты ағзаның сусыздануы, құлақ инфекциялары және тыныс алудың ауыр проблемалары, соның ішінде пневмония болуы мүмкін деп ескертеді.