Жол қызметтері күшейтілген режимге көшті

Жол қызметтері күшейтілген режимге көшті
Сурет: Almaty-akshamy.kz

Ұлттық компания республикалық маңызы бар күре жолдар желісінде қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін барлық қажет шараны қабылдауда.

Алдағы мереке күні республикалық автожолдар желісінде көлік қозғалысы қарқындылығы артады деп болжануда, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

Жолшы мамандар жолдарды қадағалауды күшейтіп, қиын жағдайға тап болғандарға жан-жақты көмек көрсетпек. Сонымен қатар қысқы күтіп-ұстау жұмыстарының басталғанын еске саламыз. Синоптиктердің ақпаратына сәйкес еліміздің басым бөлігінде күн райы әлі де құбылмалы болады. Ұзақ сапарға шықпас бұрын ауа-райы мен жолдардағы ахуалды нақтылау қажет. Бұл ақпаратты 1403 қысқа нөміріне қоңырау шалып, білуге болады.

Сондай-ақ көліктің жай-күйін тексеріп, жол қозғалысы ережелері мен жылдамдық режимін қатаң сақтау қажет.