Францияда Эйнштейннің қолжазбасы € 11,7 млн сатылды

Францияда Эйнштейннің қолжазбасы € 11,7 млн сатылды
Сурет: Rg.ru

Құды жәдігер өз бағасын тапты

Парижде Альберт Эйнштейннің қолжазбасы Christie's (Кристис) аукцон үйінде 11млн 700 мың еуроға сатылды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz 24.kz-ке сілтеме жасап

Бұл мамандар үшін күтпеген жағдай. Өйткені лот бастапқыда 3 млн еуроға дейін бағаланған еді.

54 беттен тұратын туындыда Эйнштейннің өз қолымен жазған құнды деректері бар. Онда атақты физик досы Мишель Бессомен бірге 1913-1914 жылдары жасаған зерттеулерімен бөліскен.

Мәтін көптеген теңдеулер мен есептеулерден тұрады. Қолжазбаны Эйнштейнің әріптесі, швейцариялық инженер Мишель Бессо сақтап, ұрпағына аманаттаған екен.