Хайнань аралындағы Халықаралық кинофестивальде Димаш Құдайберген өнер көрсетті

Хайнань аралындағы Халықаралық кинофестивальде Димаш Құдайберген  өнер көрсетті
Сурет: ашық дереккөз
16 желтоқсанда Қытайдың Хайнань аралында Бесінші халықаралық кинофестиваль ашылды, деп хабарлайды аlmaty-akshamy.kz әншінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Оңтүстік Қытай теңізінің таңғажайып жағалауында Саньядағы Шангри-Ла курортында танымал кинорежиссерлер, актерлер мен музыканттар жиналды.

Димаш Құдайберген ашылу салтанатында итальялық режиссер Пьерджузеппе Зайидің Creators: The Past көркем фильмінің басты тақырыбы – Across Endless Dimensions композициясын орындады.

Сондай-ақ әйгілі қытайлық актриса және әнші Лоу Исяомен (Loura) бірге кинофестиваль сахнасында Қытайдағы ең танымал әндердің бірі – "Жасмин" орындалды.

Димаш алғаш рет 2018 жылы Хайнань аралындағы кинофестивальге қатысып, әлемге әйгілі My Heart Will Go On композициясын – "Титаник" кинофильмінің саундтрегін орындады.