Халықтың 70%-ы республикалық референдум өтетінінен хабардар

Халықтың 70%-ы республикалық референдум өтетінінен хабардар
Сурет: Ruh.kz

18 жастан асқан қазақстандықтардың 66,4%-ы оған қатысуға ниетті.

ҚР Президенті жанындағы Қазақстан стратегиялық зерттеулер институты 9-12 мамыр аралығында қазақстандықтарға конституциялық реформалар мен референдумға байланысты сауалнама жүргізді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

Қазақстандықтар референдум туралы қаншалықты біледі деген сауалнама телефон арқылы өткен. Дерек бойынша, бұл сауалнамаға Астана, Алматы, Шымкент және 17 облыстан 1 200 респондент қатысты.

Халықтың 70%-ы алдағы республикалық референдум өтетіні туралы хабардар екен. Ал 18 жастан асқан қазақстандықтардың 66,4%-ы оған қатысуға ниетті екенін айтқан.