Келесі аптада Қасым-Жомарт Тоқаев ресми сапармен екі елге барады

Келесі аптада Қасым-Жомарт Тоқаев ресми сапармен екі елге барады
Сурет: Turkystan.kz

Келесі аптада Қасым-Жомарт Тоқаевтың екі ел президенттерімен кездесуі жоспарланған. 

Қасым-Жомарт Тоқаев 28 қараша күні ресми сапармен Ресей Федерациясына барады. Бұл жайында Президенттің баспасөз қызметінен мәлім болды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Мемлекет басшысы Мәскеуде Ресей Президенті Владимир Путинмен келіссөз жүргізеді. Сондай-ақ екі ел басшылары Қазақстан мен Ресейдің Өңіраралық ынтымақтастық форумының жұмысына бейнебайланыс режимінде қатысады.

29-30 қараша күндері Қазақстан Президенті Францияға ресми сапармен барады. Қасым-Жомарт Тоқаев Парижде Франция Президенті Эмманюэль Макронмен келіссөз жүргізеді деп жоспарланып отыр. Келіссөз барысында сауда-экономикалық, инвестициялық және гуманитарлық салалардағы стратегиялық серіктестікті дамыту перспективалары талқыланады.

Сонымен қатар Мемлекет басшысы Францияның іскер топтары өкілдерімен бірқатар кездесу өткізеді.