Қажылыққа барғысы келетін қазақстандықтар Түркістан қаласындағы Халықаралық әуежайдан ұша алады

Қажылыққа барғысы келетін қазақстандықтар Түркістан қаласындағы Халықаралық әуежайдан ұша алады
Сурет: Azattyq-ruhy.kz

Түркістан қаласындағы «Әзірет Сұлтан» әуежайынан «Түркістан-Эль-Кувейт» бағытында алғашқы жолаушылар сапарға шықты.

Бұдан былай қажылыққа барғысы келетін қазақстандықтар Түркістан қаласындағы Халықаралық әуежайдан ұша алады. Рейстер аптаның сейсенбі және жексенбі күндері «Airbus-320» ұшағымен орындалады. Билет құнын 150 000 теңгеден бастап белгілеп отыр, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап. 

Компания өкілдерінің сөзінше, алдағы уақытта рейстер саны көбеюі мүмкін. Бұл Қазақстан мен Кувейт арасындағы сауда-экономикалық, іскерлік, инвестициялық, мәдени және туристік өзара қарым-қатынастардың одан әрі дамуына ықпал етпек.