Қазақстанға ресми сапармен Албания Президенті келеді

Қазақстанға ресми сапармен Албания Президенті келеді
Сурет: Inform.kz

 Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың шақыруымен 6-8 қыркүйекте Албания Президенті Байрам Бегай Қазақстанға ресми сапармен келеді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

Бұл туралы Ақорданың ресми сайты мәлімдеді. 

«Сапар аясында екі ел басшылары ертең сауда-экономикалық, көлік-логистикалық, инвестициялық және гуманитарлық салалардағы ынтымақтастықты нығайту мәселелері бойынша келіссөздер жүргізеді.

Сонымен қатар президенттер халықаралық және өңірлік жағдайлар жөнінде пікір алмасады», - делінген Ақорда мәліметінде.