Қазақстандықтар визасыз бара алатын елдер тізімі жаңарды

Қазақстандықтар визасыз бара алатын елдер тізімі жаңарды
Сурет: ашық дереккөз

Елдер арасында визасыз саяхаттау айтарлықтай жеңіл болады, өйткені сізге ұзын-сонар кезекте тұру, көптеген қағаздарды толтыру немесе қосымша ақы төлеудің қажеті жоқ. Қазақстандықтардың қай елге визасыз баруына мүмкіндік бар екенін Ендеше қазақстандықтардың қай елге, қанша уақытқа баруына болатын туралы ақпаратпен аlmaty-akshamy.kz бөлісті. 

Визасыз Грузияда бір жылға дейін жүре аласыз. Ал Армения, Сент-Винсент және Гренадиныдың көрікті жерін көруге 180 күніңізді арсаңыз болады.

90 күнге дейін Албания, Андорра, Колумбия, Молдова, Моңғолия, Ресей, Гаити, Түркия (әр 180 күн сайын 90 күнге визасыз режим), Украинада жүре аласыз. 

30 күнге дейін визасыз режимде:

  • Аргентина
  • Әзербайжан;
  • Беларусь;
  • Қырғызстан;
  • Кытай;
  • Мальдив Республикасы;
  • Тәжікстан;
  • Бразилия;
  • Корея (30 күнге дейін визасыз режим, алайда 2022 жылдың 1 сәуірінен Кореяға кірудің электронды рұқсат алу жүйесі (K-ETA) қызмет етеді;
  • Малайзия;
  • Біріккен Араб Әмірліктері;
  • Өзбекстан (бес күннен артық болған жағдайда құзырлы органдарға барып тіркелу қажет);
  • Филиппины;
  • Эквадор;
  • Сербия;
  • Катар
  • Таиланд (2023 жылдың 25 қыркүйегінен бастып 2024 жылдың 29 ақпанына дейін қазақстандықтар үшін 30 күндік визасыз режим енгізілген, толығырақ сілтеме арқылы таныса аласыз).

28 күнге дейін визасыз режимде:

  • Барбадос;

14 күнге дейін визасыз режимде;

  • Гонконг;
  • Иран;
  • Оман;

Виза әуежайда

Кей елдерде Қазақстан азаматтары шекараны асқан соң ала алады. Ол үшін саяхатшыда мынадай құжаттар болуы тиіс: алты айға жарамды шетелдік төлқұжат, екі жаққа да әуебилеті, төлқұжаттық үлгідегі екі сурет, консулдық және қызметтік алымдар (мөлшері әр елде әрқалай), қосымша анықтамалар мен хаттар. Мысалы сақтандыру немесе шақыру хаты. Сөз мына елдер жайлы:

  • СейшелАралдары;
  • Замбия;
  • Маврикий;
  • Намибия;
  • Индонезия.