Бақтиер Зайнутдинов алдағы ойындарға қатыспайды

Бақтиер Зайнутдинов алдағы ойындарға қатыспайды
Сурет: ашық дереккөз

Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасының ойыншысы Бақтиер Зайнутдинов 2024 жылғы Еуропа біріншілігінің іріктеу турнирінде Сан-Марино және Словениямен өтетін матчтарға қатыса алмайды, деп хабарлайды аlmaty-akshamy.kz. 

Қазақстан футбол федерациясының баспасөз қызметінен мәлім еткендей, Бақтиер «Бешикташ» – «Ыстамбұл Башакшехир» матчында мұрын сүйегі мен көз ұясының негізін сындырып алған.

Оның емделуіне кемінде 2-3 апта уақыт кетеді.

«Жоспар бойынша Бақтиер Зайнутдинов ұлттық құрама сапына бүгін қосылуы керек болатын. Өкінішке қарай, оқу-жаттығу жиынына және шешуші екі ойынға бара алмайды. Бәріміз Бахаға бар қолдауымызды көрсетіп, тезірек сауығып кеткенін тілейік, достар!» деп жазады федерацияның баспасөз қызметі.