Елімізде Pfizer вакцинасының бірінші дозасын 126,6 мың адам салдырды

Елімізде Pfizer вакцинасының бірінші дозасын 126,6 мың адам салдырды
Cурет: 24.kz

Оның ішінде жасөспірімдер саны - 101 114

Коронавирус вакцинасын салдыруға қатысты соңғы мәліметтер жарияланды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Денсаулық сақтау министрлігіне сілтеме жасап.

Ведомствоның мәліметінше, 5 желтоқсанда Қазақстанда коронавирус инфекциясына қарсы вакцинаның 1-ші компонентін 8 783 874 адам, 2-ші компонентін 8 182 339 адам салдырды.

«5 желтоқсанда жалпы 126 674 адам Pfizer вакцинасының 1-ші дозасын салдырды. Оның ішінде: жасөспірімдер – 101 114, жүкті әйелдер – 7 630, бала емізетін әйелдер – 17 930», - делінген хабарламада.