Елде көру қабілеті нашар жандарға енді веб-контент қолжетімді бола түспек

Елде көру қабілеті нашар жандарға енді веб-контент қолжетімді бола түспек
Сурет: Tiflocentre.ru

Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі Сенатқа 2012 жылы қабылданған халықаралық стандартқа өзгерістер енгізу туралы өтінім берген.

Бас-аяғы 82 критерий ұсынылды. Оған сай бірыңғай веб-портал құрылмақшы. 1-2 жылда өзге ұйымдар сайттарын жаңартып, интеграцияға бейімделуге тиіс. Қазір зағип жандар қажетті мәліметтерді экрандық диктор арқылы тыңдайды. Ал халықаралық стандарт бойынша арнайы бұйрық қарашаның соңында шығарылады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

«Қазіргі кезде цифрлық даму министрлігі цифрлық кодексті әзірлеп жатыр. Осы цифрлық кодекске біз жаңағы атап өткен стандарттардың пайдалануын міндеттегіміз келеді. Қазіргі жағдайды алатын болсақ, банктер, басқа да коммерциялық ұйымдар халықаралық стандартты пайдаланбайды. Өйткені оны пайдалану заңды түрде міндеттелмеген ғой. Сондықтан, осы міндеттеуді кодекс арқылы жүктесек, біздің банктер, басқа да ұйымдар, өздерінің сайттарын жаңартып, көзі нашар көретін, зағип жандарға арнап жасауы керек», - дейді ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлгінің департамент директоры Үмітжан Арықбекова.