Қазақстандықтар Венада өткен ірі фольклор фестивалінде өнер көрсетті

Қазақстандықтар Венада өткен ірі фольклор фестивалінде өнер көрсетті
Сурет: 24.kz

Кенен Әзірбаев атындағы Жамбыл облыстық филармония әртістері Венада өткен ірі фольклор фестивалінде өнер көрсетті.

Отандастарымыз домбыра, қобыз, жетіген, саз-сырнайда ойнап, жергілікті Австрия және Италия мен Словениядан келген көрермендерге қазақтың музыкалық шығармаларын паш етті, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz 24.kz-ке сілтеме жасап.

Сондай-ақ өнерпаздарымыз "Абай күні" қарсаңында ұлы ақынның әндерін орындап, еуропалықтардың қошеметіне бөленді.