Қазақстандық шахматшы Бибісара Асаубаева тағы да блицтен әлем чемпионы атанды

Қазақстандық шахматшы Бибісара Асаубаева тағы да блицтен әлем чемпионы атанды
Сурет: Ашық дереккөзі

Енді аздап демалып, отбасыммен болғым келеді

18 жастағы қазақстандық шахматшы Бибісара Асаубаева Алматыда өткен блицтен әлем чемпионатында тағы жеңімпаз атанды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

«Мен екінші жыл қатарынан әлем чемпионы атандым. Өткен жылы чемпионатты сенімді жеңдім, биыл ондай емес. Енді аздап демалып, отбасыммен болғым келеді. Оларды қатты сағындым», - деді Бибісара баспасөз мәслихатында.