Қазақстандық ғалымдар апортты қайта жандандыруды қолға алды

Қазақстандық ғалымдар апортты қайта жандандыруды қолға алды
Сурет: Stroy-podskazka.ru

Ғалымдар бірқатар маңызды жоба бойынша жұмыс істеп жатыр.

Отандық ғалымдар алмалардың патшасы – апортты қайта жандандыруды қолға алып жатыр. Бұл туралы Ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеев айтты, деп хабарлады Almaty-Akshamy.kz Baq.kz сілтеме жасап.

«Қазір республикамыздың ғалымдары Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша апортты қайта жандандырумен айналысып жатыр»,- деді министр Ербол Қарашөкеев.