Қазақстандық футболшы Түркияның «Бешикташ» клубына ауысты

Қазақстандық футболшы Түркияның «Бешикташ» клубына ауысты
Сурет: Instagram/besiktas

Түркияның «Бешикташ» футбол клубы Қазақстан құрамасының жартылай қорғаушысы Бахтиeр Зайнутдиновтың Ыстанбұлға ұшып келуіне қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.  

«Қазақстандық футболшы Бахтиер Зайнутдинов біздің клубпен трансферлік келіссөздерді аяқтау үшін Ыстанбұлға келді. Зайнутдиновты біздің вице-президент Серхан Четинсай әуежайдан қарсы алды», деп жазды «Бешикташтың» баспасөз қызметі әлеуметтік желідегі парақшасында.