Қазақстандық дрондар экспортқа шығарылмақ

Қазақстандық дрондар экспортқа шығарылмақ
Сурет: Министрлік

Компания үшін бұл – дамудың маңызды кезеңі

"Қазақстан Инжиниринг" ҰК" АҚ мен Сербияның "YUGOIMPORT-SDPR" компаниясы өзара ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Қазақстандық өнімнің әлемдік нарыққа шығуы бізге зор мүмкіндік береді. Сонымен қатар сұраныстың болуы – қазақстандық өнімнің шетелдік өндірушілермен бәсекеге түсе алатындығының айқын көрсеткіші деп санаймын. Алдағы уақытта осы тараптағы әріптестігімізді арттыра түсеміз», - деді Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Қайырбек Өскенбаев басқосуда.

Сондай-ақ келісім елдер арасындағы әскери техникалық құралдарды бірлесе өндіру бойынша бірқатар уағдаластықтарды қамтиды. Оның ішінде, заманауи әскери қару-жарақ түрлерін шығару, қорғаныс-өнеркәсіп кешені саласындағы ең жаңа әлемдік стандарттар мен практикаларды енгізу көзделген. Алдағы уақытта Қазақстан мен Сербия кәсіпорындары 82 және 120 мм калибрлі зымыран-артиллериялық оқ-дәрілер мен минометтерді бірлесе өндірмек.

«Біздің компания үшін бұл – дамудың маңызды кезеңі. Шетелдік нарықтарға шығу – бізге өзімізді танытуға, өндірісті кеңейтуге, басқа елдердің сатып алу әлеуетін пайдалануға және саланы дамытуға мүмкіндік береді», - деді "Қазақстан Инжиниринг" ҰК" АҚ басқарма төрағасы Теміржан Әбдірахманов.