Қазақстандық автокөлік нарығы жаңа қытайлық моделімен толықты

Қазақстандық автокөлік нарығы жаңа қытайлық моделімен толықты
Сурет: Autoreview.ru

Отандық нарық енді «Чанъянь Алсвин» деп аталатын жаңа қытайлық моделімен толығады. 

Мамандар озық технологиямен жарақтандырылған теміртұлпардың сапасында мін жоқ деп отыр. Бастысы – жыл мезгілдеріне төзімді. Әрі бағасы да көңілге қонымды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

 «Чанъянь Алсвин» - Қытайдағы атақты Чанъянь зауытында жасалған. Отандық нарыққа «Астана Моторс» еншілес компаниясы шығарды. Дизайны жинақы. Сапарға төзімді. Жауын-шышын мен суықта дес бермейді. Толық автоматтандырылған. Жалпы, Чанъань кешенінің өнімдері қазақстандықтарға әуелден таныс. Тәжірибеде әбден сыналған.

«Өзіміздің жанұямызда екі автокөлігі бар «Чанъань Юни-кей» деп аталатын. Бір жылдан бері екі көліктің қызығын көріп келе жатырмыз. Қысқа да төзімді, жазға да жайлы. Бұл машина да жақсы болады деген ойдамын», - дейді Астана қалысының тұрғыны Азамат Ускин. 

Нарыққа шыққан жаңа көліктің ұзындығы 4 метрден асады. Қозғалтқышы 1 де 5-ті құрайды. Салоны былғарымен қапталған. Рулі электрлі. Қозғалтқышына 5 сатылы робот каробка.

Өткен жылы эконом-класс седандары елдегі барлық сатылған автокөліктердің бестен бір бөлігін құрады. Олардың көпшілігі шағын және орта бизнес кәсіпорындарында сенімді техникаға айналды.

«Біз нарыққа супер технологиялық флагман – Юни-кей кроссоверімен шықтық. Және клиенттерден Чанъань сапасындай, бірақ бағасы арзандау көлік болады ма деген сұраныс түсті. Сондықтан біз нарыққа Ἀлсвин седанын шығардық», - дейді Қазақстандағы «Changan Auto» дистрибуциясын сату жөніндегі директор Сағынаш Токенов.