Қарабатан зауытына кім иелік етеді?

Қарабатан зауытына кім иелік етеді?
Сурет: jana-kezen.kz

«Самұрык-Қазына» қоры Қашағандағы газ өңдеу зауытының құрылысы жобасын жүзеге асыратын компанияның жаңа иесі болды.

Биылғы 24 қаңтардан бастап «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ Қашаған кен орнындағы ілеспе мұнай газын өңдеуге арналған (Қарабатан, Атырау облысы) қуаттылығы 1 миллиард текше метр зауыт салу жобасын жүзеге асырып жатқан «GPC Investment» ЖШС жарғылық капиталындағы 100 пайыздық үлестің иесі атанды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz. 

«GPC Investment» ЖШС 2022 жылдың тамызында QazaqGaz компаниясының сенімгерлік басқаруына берілді. Бұған дейін жекеменшік ЖШС Қазақстанның тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың күйеу баласы «ҚазТрансГаз» компаниясының бұрынғы басшысы Қайрат Шәріпбаевпен үлестес болған.

ЖШС иесінің өзгеруімен бюрократиялық рәсімдер, кейіннен бас мердігердің жобаны жүзеге асырудан бас тартуы, жобалаудағы анықталған ақау атаулыны жою мақсатында жобалық-сметалық құжаттамаға түзетулер енгізу жобаны іске асыру мерзімін жоспардағы 2023 жылдан алдымен 2025 жылдың 2 тоқсанына дейін, енді 2026 жылдың бірінші жарты жылдығына ауысуға алып келді.