Қазыбек Шайх: Бұл ел тарихын әлемге таныту

Қазыбек Шайх: Бұл ел тарихын әлемге таныту
Cурет: Almaty-akshamy.kz

Бауыржан Момышұлының есімін иеленген метро тұрағының болуы өте жақсы бастама.

«Қазақстан Республикасы Ұлттық кооперативтер және экономикалық қоғамдастықтардың басқа да нысандары Қауымдастығы» ЗТБ президенті Қазыбек Шайх «Достық» метро стансасының атауын өзгертіп, Бауыржан Момышұлының есімін беру өте орынды ұсыныс деген пікірін жеткізді, деп Almaty-akshamy.kz.

Ол Бауыржан Момышұлы еліміздің, ұлтымыздың, жалпы Қазақстанның рухани қазынасы, рухани қазығы екендігін алға тартты.

«Достық» метро стансасының атауын өзгертіп, Бауыржан Момышұлының есімін беру өте орынды ұсыныс. Әрине, елімізде міндетті түрде достықты дамыту керек. Бірақ, тарихымызды ұмытпауымыз қажет. Оның үстіне, қазір күн тәртібінде «Рухани жаңғыру» тұр. Тәуелсіздігіміздің тұғырын қорғап, оны дамыту үшін бізге рухани тіректер, рухани қазықтар керек. Ал Бауыржан Момышұлы – еліміздің, ұлтымыздың, жалпы Қазақстанның рухани қазынасы, рухани қазық деп айтуға болады. Себебі, ол жастарға үлгі. Жалпы, Бауыржан Момышұлының есімін иеленген метро тұрағының болғаны өте жақсы бастама деп айтуға болады», - дейді Қ. Шайх.

Тек қана біздің еліміздің азаматтары емес, басқа елден келген қонақтар оның атын оқып, естіген кезде қызығушылық туып, оның кім екенін білгісі келеді. «Бұл тұлға кім, қандай іс атқарған, тарихта қандай ізін қалдырған» деген сынды сұрақтар туындайды. Осылай біз елімізде, Қазақстанда мемлекет ретінде, жалпы ұлт ретінде Бауыржан Момышұлы секілді ұлы тұлға бар екенін көрсете аламыз деген пікірде екенін жасырмады ол.