Sergek Индонезияда пилоттық жобаны бастады

Sergek Индонезияда пилоттық жобаны бастады
Сурет: web.telegram.org/k/#@sergeknews

Индонезияда Нусантара қаласының әкімшілігімен бірігіп жасаған біздің пилоттық жобамыз іске қосылды.

Жоба аясында көлік қозғалысын талдау және болжауға арналған Sergek ITS интеллектуалды көлік жүйесі, сондай-ақ экология және жол қауіпсіздігі саласындағы шешімдерді экспортталатын болады, деп хабарлайды аlmaty-akshamy.kz. 

Бұл туралы бүгін Digital Almaty халықаралық цифрлық форумында бас директорымыз Әсет Ахметов бөлісті. Оның айтуынша, Sergek технологияларының басты ерекшелігі - жергілікті инфрақұрылымға бейімделу мүмкіндігі. Ал Sergek Group компаниясының жаһандық нарықтар бөлімінің басшысы Алена Ткаченко Астанада смарт қала салуда біздің технологияларды қолданудың табысты тәжірибесі Нусантарада және, мүмкін, Индонезияның басқа аймақтарында да қолданылатынын атап өтті.

Пилоттық жоба аясында желілік инфрақұрылым мен деректер орталығын құру үшін біздің команда Cisco Systems компаниясымен жұмыс істеді. Сонымен қоса, интернетпен қамтамасыз ету үшін PT Telkom Indonesia компаниясымен стратегиялық серіктестік орнатты.