Қазақстанның ЕАЭО елдерімен өзара саудасы 5,9%-ға артты

Қазақстанның ЕАЭО елдерімен өзара саудасы 5,9%-ға артты
Сурет: Ашық дереккөз

Тиісті ақпаратты Ұлттық статистика бюросы жариялады

Биылғы қаңтар-ақпан айларында Қазақстанның ЕАЭО елдерімен өзара саудасы 4 133,3 млн долларды құрады.  2022 жылдың сәйкес кезеңіне қарағанда номиналды мәнде 5,9%-ға көбейді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

Ақпаратқа сәйкес, тауарлар экспорты 1 650 млн долларды (+33,9%), импорт – 2 483,3 млн долларды (-7,1%) құраған.

Еліміздің ЕАЭО-ның сыртқы сауда айналымының жалпы көлемінде 92,6%-ы Ресей Федерациясына тиесілі, Қырғызстанға – 4,1%, Беларусь – 3,2%, Армения – 0,1%.

“ЕАЭО елдерімен экспорт бойынша өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда химиялық изотоптардың элементтері және олардың қосылыстары бойынша 5,6 есе өсім байқалады. Импортта ең үлкен өсім қара металдардан жасалған құбырлар мен басқа түтіктер бойынша – 3,5 есе”, - делінген хабарламада.