Бір тәулікте 14 066 алматылық коронавирусқа қарсы вакцина салдырды

Бір тәулікте 14 066 алматылық коронавирусқа қарсы вакцина салдырды
Сурет: Almaty-akshamy.kz

Алматы қаласының екпе салдырудан көш бастап тұрғанын бұрын да хабарлағанбыз.


Қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, Алматы қаласында бір тәулікте 14 066 адам коронавирусқа қарсы вакцина салдырды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz 

«7 шілде күні 14 066 алматылық вакцина салдырды. Биылғы жылдың 1 ақпаны мен 7 шілдесі аралығында қалада барлығы 553 744 адам екпе алды, ал оның толық дозасы 333 136 адамға салынды»,- деп хабарлады басқармадан. 


Қалада 212 егу пункті жұмыс істеп тұр. 1 260 адамнан тұратын 308 егу бригадасы бар. Сонымен қатар, 40 көшпелі мобильді бригада ұйымдастырылды. 


«Қазіргі медициналық ұйымдарда, мектептерде, мәдениет, спорт объектілерінде, базарлар мен қаланың СОСО-да вакциналау пункті жұмыс істейді», - деп нақтылады денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.