Алматыда коронавирус жұқтырған 82 бала ауруханада жатыр

Алматыда коронавирус жұқтырған 82 бала ауруханада жатыр
www.inform.kz

Алматыда коронавирус жұқтырған 2098 науқас ем қабылдап жатыр, деп хабарлайды almaty-akshamy.kz қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасына сілтеме жасап.

26 қыркүйек күнгі ақпарат бойынша, бір тәулікте қалада 485 адам коронавирус жұқтырған. Мұның ішінде симптомды, жеңіл және орташа деңгейдегі белгілермен 432, симптомсыз 53 науқас тіркелді. Барлық емделіп шыққандар – 72, келіп түскені – 121 «Инфекциялық стационарларда 2 098 адам бар (төсек-орынның жалпы саны –5230), оның ішінде 82 бала емделуде», – деп хабарлады қоғамдық денсаулық басқармасының баспасөз қызметі.

Сондай-ақ, реанимация және қарқынды терапия бөлімінде 202 адам жатыр. Ал 39 науқас жасанды тыныс алу аппаратына қосылған.

Инвазивті емес жасанды тыныс алу аппаратында 82 адам ем қабылдауды жалғастыруда. High flow-да 55 аппарат жұмыс істейді.

Медициналық-санитариялық алғашқы көмек мобильді бригадаларының және Телемедицина орталығының амбулаториялық бақылауында 4864 пациент бар. Оның ішінде індет белгілері бар, орташа ауыр жағдайда – 4702 науқас. 162 адамда коронавирус белгілері жоқ.