Қазақстандық ауыр атлеттер екі Азия чемпионатына қатысады

Қазақстандық ауыр атлеттер екі Азия чемпионатына қатысады
Сурет: Olympic.kz

15-25 шілде аралығында Ташкентте жасөспірімдер мен  юниорлар арасында ауыр атлетикадан Азия чемпионаттары өтеді.

Біздің еліміздің намысын 22 атлеттен тұратын команда қорғайды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Olympic.kz-ке сілтеме жасап.

Жасөспірімдер мен юниорлар:

1. Омаров Ерасыл (55 келіге дейін) U17

2. Төлеген Азамат (61 келіге дейін) U20

3. Байбуров Әлішер (67 келіге дейін) U17, U20

4. Чуркин Алексей (73 келіге дейін) U20

5. Емберді Едіге (73 келіге дейін) U17

6. Петр Хребтов (73 келіге дейін) U20

7. Полубояринов Денис (81 келіге дейін) U17, U20

8. Шерер Егор (81 келіге дейін) U20

9. Башаргин Клим (89 келіге дейін) U20

10. Абдрахманов Никита (102 келіге дейін) U17, U20

11. Тұяқов Жанали (+109 келі) U20

12. Маматқұл Бағдат (+109 келі) U20

13. Жолтай Санжар (+109 келі) U17

Қыздар

1. Беленко Александра (45 келіге дейін) U17, U20

2. Балабаюк Дарья (49 келіге дейін) U17, U20

3. Алякина Екатерина (55 келіге дейін) U20

4. Жапар Шынар (55 келіге дейін) U20

5. Колиушко Алина (59 келіге дейін) U17, U20

6. Ли Надежда (64 келіге дейін) U17, U20

7. Даулетова Аружан (71 келіге дейін) U17, U20

8. Қыпшақбай Динара (81 келіге дейін) U20

9. Сансызбаева Айсамал (+87 келі) U20

Азия құрлығында жасөспірімдер арасында (U17) үздік атану үшін 13-17 жас аралығындағы спортшылар, жасөспірімдер арасында (U20)  15-20 жас аралығындағы спортшылар сайысқа түседі. Осыған байланысты, 15 жастан 17 жасқа дейінгі спортшылар бірден екі біріншілікке қатыса алады.