Алматыда пәтер ұрылары қолға түсті

Алматыда пәтер ұрылары қолға түсті
Сурет: Polisia.kz

Күдіктілер қамауға алынды.

Алматылық полицейлер пәтер ұрыларын құрықтады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Алматы қалалық криминалдық полицияның мәліметінше, бұл топқа бірнеше рет сотталған екі ер адам кіреді. Олардың бірі – 29 жастағы Б.есімді азамат бөтеннің мүлкін ұрлау, тонау және адамның денсаулығына аса ауыр зиян келтіргені үшін үш рет жазасын өтеген. Қылмыстың тағы бір сыбайласы – мүліктік қылмысы үшін сотты болған 35 жастағы К.есімді азамат.

«Күдіктілерді ұстауға арналған арнайы іс-шара өткен кеште Самал шағын ауданында полицияның арнайы жасақтарының қолдауымен жүргізілді. Тұтқындаудан аз уақыт бұрын ұрылар жас әйелдің пәтеріне кіріп, ол жақтан алтын бұйымдарды, қол сағатты, ноутбукты ұрлап, нәтижесінде миллион теңгеге жуық материалдық шығын келтірген. Сотқа дейінгі тергеу басталды. Тергеудің осы кезеңінде ұсталғандардың қаланың осы ауданында кемінде тағы екі ұрлыққа қатысы бар екендігі анықталды. Олардың жеке басын тексеру жалғасуда», – деді Алматы қалалық Полиция департаменті бастығының орынбасары Берік Әбілбеков.

Спикердің айтуынша, күдіктілер қамауға алынды. Айтпақшы, олардың бірі – Алматы облысының тұрғыны болса, екіншісі – Шығыс Қазақстаннан келген.