Қазақстандық әнші Американың үш қаласында концерт бермек

Қазақстандық әнші  Американың үш қаласында концерт бермек
Сурет: Astanatv.kz

Жастар арасында Kalifariniya лақап атымен танымал әнші Фархат Қалиев “Түнгі студия” бағдарламасында алдағы жоспарларымен бөлісті, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

Бағдарлама жүргізушісі Нұрлан Қоянбаевтың: “Қазақстандық жас әншілер елімізде ғана емес, шетелдерде де концерт берсе екен, сол жақтан ақша алып келсе екен деп ойлаймыз. Қандай жоспарларың бар?” деген сауалына Фархат:

“Бұйырса Американың үш қаласында концерт бергелі жатырмын. Сол жақтан ұсыныс түсті. Қазіргі кезде көршілес Қытай, одан кейін Оңтүстік Корея елдерімен сөйлесіп жатырмыз. Қазан айында Американың Нью-Йорк, Майами және Чикаго қалаларында концерт өтеді”, – деп жауап берді.