Қазақстанда жаңа Салық кодексі жасалып жатыр

Қазақстанда жаңа Салық кодексі жасалып жатыр
Сурет: Sputnik.kz

Бұл туралы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің төрағасы Данияр Жанәлінов мәлімдеді.

Қаржы министрлігі экономиканың әртүрлі секторларындағы сараланған салық мөлшерлемелеріне көшуді ұсынып отыр, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

«Қаржы министрлігі экономиканың әртүрлі секторларындағы сараланған салық мөлшерлемелеріне көшуді; салық төлеуден жалтару тәуекелдерін азайту мақсатында арнайы салық режимдерін оңайлатуды; салық жүктемесін төмендету мақсатында ұйымдардың қасақана бөлінуіне жол бермеуді; барабар мөлшерлемелермен және қарапайым рәсімдермен бөлшек салықты қолдануды кеңейту; «сән-салтанат салығын» енгізу мүмкіндігін қарастыру мәселелер бойынша ұсыныстар жолданды», - деді Данияр Жанәлінов.

Спикердің дерегінше, жаңа кодекстің негізінде 2030 жылға дейінгі жаңа Салық саясаты жөніндегі тұжырымдаманың жобасы қалыптастырылуда.