Қазақстанда төлқұжат бағасы арзандайды

Қазақстанда төлқұжат бағасы арзандайды
Сурет: Elorda.info

Елімізде төлқұжат пен жеке куәлік жасатқаны үшін алынатын мемлекеттік баж салығы өзгертілуі мүмкін, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

Ұлттық экономика министрлігінің мәліметіне сәйкес, мемлекеттік баж салығының көрсеткіші мынадай:

22 бет – 4 АЕК (1 АЕК үшін 3 063 теңгеден 12 252 теңге),
36 бет – 8 АЕК (24 504 теңге),
48 бет – 12 АЕК (36 756 теңге).

Сондай-ақ 16 жасқа дейінгі балаларға төлқұжат беру мөлшерлемесін 8 АЕК-тен (24 504 теңге) 4 АЕК-ке (12 252 теңге) төмендету мәселесі талқылануда.

Жеке куәлікті,  құжатты бір-екі жылда жоғалтуға байланысты 1 АЕК (3 063 теңге) көлемінде салым енгізіледі. Екі рет жоғалтқандарға 0,2 АЕК (612,6 теңге) мөлшерлемесі сақталады, - деп толықтырды ведомстводан.