Қазақстанда партияларды тіркеу айтарлықтай жеңілдейді

Қазақстанда партияларды тіркеу айтарлықтай жеңілдейді
Inform.kz

Қазақстанда партияларды тіркеу айтарлықтай жеңілдейтін болады. Бұл туралы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауы барысында мәлім етті, деп хабарлайды Аlmaty-akshamy.kz

«Партияларды тіркеу үдерісі айтарлықтай жеңілдейтін болады. Бұл ретте партиялар үшін қарастырылған тіркеу шегін төрт есе – 20 мыңнан 5 мың адамға дейін төмендету керек. Ал өңірлердегі өкілдердің саны үш есеге төмендеп, 600-ден 200 адамға дейін азайтылады. Партияны құру үшін бастамашыл азаматтар тобының ең аз саны 1000 адамнан 700-ге дейін азайтылады», - деді Мемлекет басшысы.