Қазақстанда неше миллионер бар?

Қазақстанда неше миллионер бар?
Сурет: интернеттен

Байлығының саны АҚШ долларымен есептелген.

UBS қаржы холдингі ұсынған әлемдік әл-ауқат туралы есепте елімізде ең бай 48 адам бары айтылған, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

Бұл тізімде байлығы 500 миллион доллардан жоғары 48 адам бар.

UBS холдингінің мәліметінше, елімізде:

189 адамға 100 миллионнан 500 миллион долларға дейінгі шамада байлық тиесілі.

297 адамның 50 миллионнан 100 миллион долларға дейін активке иелік етеді.

2,605 қазақстандықтың активінде 10 миллионнан 50 миллион долларға дейін АҚШ доллары бар.

4,115 азамат 5 миллионнан 10 миллион долларға дейін байлыққа ие.

50,711 қазақстандықтың бір миллионнан бес миллион долларға дейінгі активтері бар.

Forbes журналы жариялаған әлемдегі ең бай адамдардың жыл сайынғы рейтингінде де Қазақстан азаматтары бар. KAZ Minerals Ltd президенті әрі акционері Владимир Ким 591-орынға жайғасқан. Оның байлығы 3,6 миллиард доллар екені хабарланды, өткен жылы 2 миллиард долларға бағаланған.

636 орында Динара Құлыбаева мен оның күйеуі Тимур Құлыбаев тұр. Forbes-тің мәліметінше, олардың байлығы 1 миллиард долларға артқан.

Тимур Турлов (Freedom Holding Corp инвестициялық тобының негізін қалаушы және акционері) 1292-орыннан 949-орынға көтерілді. Оның байлығы 2,4 миллиард доллардан 3,1 миллиард долларға дейін өсті.

Болат Өтемұратов рейтингте 1104-орынға төмендеген – оның дәулеті 2,8 млрд доллардан 2,7 млрд долларға дейін ортайған.

Kaspi Bank иелерінің бірі Вячеслав Ким әлемдік рейтингте 1513-тен 787-орынға көтерілді. Оның кірісі бір жыл ішінде екі есеге жуық өсті. Егер өткен жылы Кимнің табысы 2 миллиард долларды құраса, биыл 3,6 миллиард долларға жетті.

Сондай-ақ, Kaspi Bank-тің тағы бір иесі Михаил Ломтадзе де  Forbes тізімінен көрінді. Ол Грузия азаматы, бірақ Қазақстанда тұрады және жұмыс істейді. Оның кірісі бір жылда 1,9 миллиард доллардан 3,6 миллиард долларға дейін өскен.