Қазақстанда мұнайдан түсетін пайда көлемі артты – Қаржы министрлігі

Қазақстанда мұнайдан түсетін пайда көлемі артты – Қаржы министрлігі
Сурет: Ашық дереккөзі

Осы жылдың сегіз айында мұнайға экспорттық-кедендік баж бойынша түсімдер сомасы 1,1 трлн теңгеден асқан

Қазақстан экономикасына мұнай экспортынан түсетін түсімдер айтарлықтай өсті. Бұл туралы Almaty-akshamy.kz LS агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.

Қаржы министрлігінің мәліметінше, осы жылдың сегіз айында мұнайға экспорттық-кедендік баж бойынша түсімдер сомасы 1,1 трлн теңгеден асты. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 526 млрд теңгеге немесе 1,9 есе көп. Ол кезде түсімдер небәрі 603,1 млрд теңгені құрады.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Ұлттық экономика министрлігінде елдің ұлттық қоры қымбаттаған мұнаймен қаншалықты өсетінін болжаған болатын. Мысалы, ағымдағы жылғы нақтыланған бюджетте Ұлттық қорға түсімдер мұнай бағасы барреліне 9 90 болғанда 3,9 трлн теңгені құрайды. Қара алтынға экспорттық кедендік баж республикалық бюджетте 1,8 трлн теңге деңгейінде болжанады.

Осы уақытта Brent құны барреліне 90 доллардан төмен түсті. Астана уақыты бойынша сағат 12:00-де қараша фьючерстері барреліне $88,38-дан сатылды. Қара алтынның бағасы елдердің бірқатар орталық банктерінің мөлшерлемелерiнiң өсуі аясында сұраныс бойынша күтулердің төмендеуіне байланысты төмендейді. Оның ішінде АҚШ, Ұлыбритания, Швейцария елдерi бар.